Нурмагомедов пен Фергюссон қашан кездеседі?

         Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюссонға қарсы жекпе-жек өтеді дейді. Дағыстандық спортшы оған 95 пайыз сенімді. Бұл жайында чемпион Мәскеуде өтетін UFC турнирі алдында берген сұқбатында айтты.

Нурмагомедов-Фергюссон кездесуі сәуір айында Нью-Йорк қаласында немесе наурыз айында Лас-Вегаста өтуі ықтимал.

Хабибтің өзі Нью-Йоркте өткенін қалап отыр. Лас-Вегас соңғы кездесуден ұстап қалған 1 миллион долларды қайтарып, кешірім сұрасын, сонда ғана келісемін дейді ол.

Сонымен қатар Хабиб Конор туралы ой білдірген. Оның айтуынша, МакГрегорға жақын арада реванш бермейді екен.

Уәлихан Қосанбай

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *