Оксана Чусовитина Токиоға да барады

44 жасар өзбекстандық Оксана Чусовитина Токио Олимпиадасына барады. Оны көпшілік «әже-гимнастшы» деп те  атайды. Өйткені қарсыластарының көпшілігінің жасы  18 ге де толмаған.  Сөйте тұра әлем спортының тарихында 7 бірдей олимпиядаға қатысушы жалғыз гимнастика шебері ретінде танылған Оксана 4 жылдықтың басты байрағынан жүлдемен оралуды көздейді.

1991 жылғы Индианаполисте өткен әлем чемпионатының жеңімпазы және 1992 жылғы Барселона  Олимпиадасының чемпионы көптеген халықаралық бәсекелердің жүлдегері ретінде әлі де тұғырдан түспей келе жатқан бірегей спортшы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *