«QAZAQ» жеңіске жетті!

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген ұлтымыздың мақтанышы Қанат Ислам өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді. Намибиялық қарсыласы Вальтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жұдырықтасқан қазақстандық былғары қолғап шебері жекпе-жек басталысымен алға лап қойды. Бірақ, африкалық қарсыласы да осал болмай барынша қарсыласып бақты. Нәтижесінде тиісті тұста қажетті соққыларын  жұмсай отырып, ұпай санымен жерлесіміз жеңіске жетті.

Орта салмақ дәрежесінде сынға түскен Отандасымыз 2019 жылы спортқа қайта оралған. Бұл жолғы қарсыласы Вальтер Каутондоква WBO рейтингінде 9 – орында тұрған болатын. Өткен жылы WBO-ның бос тұрған атағы үшін сынға түскен Каутондоква американдық Деметриус Андраденнен (28-0, 17 КО) жеңілген. Ал, Қанат Ислам 5 – шілде күні Алатау төрінде доминикандық Хулио де Хесуты (28-2, 27 КО) 10 секундта нокаутқа жіберген еді.

WBO International нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласқан қос боксшы арасындағы жекпе-жек осылайша «QAZAQ» лақап атымен танымал Отандасымыз Қанатқа бұйырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *