Қазақстан құрамасы Еуро-2020 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Калининградта Ресей құрамасымен кездесу өткізді. Бұл жерлестеріміздің осы турнир аясындағы алтыншы ойыны болатын. 

Ойын басталған бетте алаң иелері жылдам гол соғудың қамына кірісіп барынша шабуылға шықты. Бірақ ойын басқаша өрбіп, бастаған шабуылдары аяқсыз қалып жатты. Есесіне Қазақстан  құрамасы сауатты қорғанып, алаң ортасында да жинақылық танытты. Алғашқы таймда есеп ашылмады.

Екінші таймда ресейліктердің бапкері С.Черчесов Ф.Кудряшов пен А.Ионовты тыңнан қосты. Алғашқысы алаңда көп байқалмаған Д.Черышевті, А.Ионов Ан.Миранчукты алмастырды. Дегенмен көршілеріміздің бұл қадамы да оңды нәтиже бере қоймады.  Ал, Қазақстан құрамасының бапкері М.Билек көп тер төккен Г.Жуковты Б.Исламханға, М.Фединді С.Мужиковке алмастырып қорғаныс тұсты берік ұстауға тырысты.

Бірақ, орыс құрамасы ойынның 89 минутында ойлағандарына жетіп, А.Головин көтерген айып соққысын М.Фернандес қазақстандықтардың қақпасынан шығарды. Есеп 1:0.

Бас бапкер М.Билек кездесудің негізгі уақыты аяқталған сәтте А.Шеткинді А.Айымбетовке алмастырды. Отандастарымыз допты аз-кем бақылауда ұстады демесек ресейліктердің қақпасына айтарлықтай қауіп төндіре алған жоқ.

Кездесуге қатысқан қос команданың негізгі құрамы төмендегідей:

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *