РГ: Александр Бублик алғашқы айналымнан аса алмады

ATP рейтингінде 37 орында тұрған қазақстандық теннис шебері Александр Булблик Франция ашық чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті

Отандасымыздың жолын бөгеген Ресей құрамасының үздігі 25 жастағы Даниил Медведев болатын. Қос теннисші арасындағы осымен үшінші кездесуде жеңіс көрші мемлекеттің намысын қорғаған жігітке бұйырды. Осыған дейін Бублик пен Медведевтің жолдары (2016 жылы Қазанда, 2016 жылы Петербургте) екі рет түйісіп, екеуінде де алаң қожайыны басым түскен еді.

Айтулы бәсекені тең дәрежеде бастаған қос теннисші бір-бірінің қателескенін күтіп бақты. Дегенмен, кімнің мықты екенін бірден дәлелдеп тастағысы келген ресейлік спортшы тізгінді бірден өз қолына алып 3-6, 3-6, 5-7  есебімен жарыстың екінші айналымына өтті. Ол кесесі кезеңде АҚШ теннисшісі Томми Пол мен Австралиялық Кристофер О»Коннел кездесуінің жеңімпазымен кездеседі. Ал, Отандасымыз байрақты бәсекені алаң сыртынан, болмаса көк жәшіктен көруді жалғастыруға мүмкіндік алды..

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *