РГ: Барбора Крейчикова топ жарды

25 жасар Чехиялық теннисші Барбора Крейчикова «Ролан Гаррос» турнирінің әйелдер арасындағы бәсекесінде топ жарды

Барбора Крейчикова «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы. Финалда ресейлік Анастасия Павлюченковадан басым түскен чех теннисшісі өзінің үздік екенін дәлелдеп, «Үлкен дулыға» санатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Есеп 6:1, 2:6, 6:4 болып аяқталған кездесуде қос теннисші де аянып қалмады.

Барбора Крейчикова бұл бәсекенің алғашқы айналымында отандасы Кристина Плишковадан (89), екінші айналымда ресейлік Екатерина Александровадан (34), үшінші айналымда украйналық Элина Свитолинадан (6), төртінші айналымда АҚШ теннисшісі Слоан Стивенстен (59), ширек финалда АҚШ спортшысы Кори Гауфтан (25), жартылай финалда грек қызы Мария Саккариден (18) басым түскен болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *