РГ: Рыбакина ширек финалда

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияда өтіп жатқан Роллан Гаррос жарысының ширек финалына шықты.

Америкалық теннис жұлдызы Серена Уильямспен кездескен жерлесіміз қос сеттің қорытындысы бойынша (3-6, 5-7) есебімен басым түсті. Айта кетерлігі осы уақытқа дейін бірде-бір қазақстандық АҚШ спортшысын жеңіп көрмеген болатын.

Отандасымыздың келесі қарсыласы ресейлік Анастасия Павлюченкова. Ол, өз кезегінде беларусь спортшысы Виктория Азаренконы жарыстан шығарған еді. Жартылай финалға берілетін жолдаманы қос теннисші 8 маусым күні 16:00 де сарапқа салатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *