РГ: Зарина Дияс жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Франция ашық чемпионатының екінші айналымына өтті

Зарина Дияс Roland Garros жарысының бірінші раундында британиялық Хизер Уотсонды 6:4, 7:5 есебімен жеңіп, екінші кезеңге шықты. Осы нәтижесінің арқасында әйелдер арасындағы WTA рейтингінде 103-орыннан 89-90-орынға көтерілуі мүмкін.
Отандасымыз үшін қазір әр ұпай маңызды, өйткені олимпиада ойындарына жолдама алу үшін ұпай жинауы керек. Келесі қарсыласы осы жарыстың фавориттерінің бірі Элизе Мертенс (Бельгия) болуы мүмкін. Диясқа жеребе ауыр түсті.
Ол ТОП-30 ойыншылары Мария Саккари (Грекия), 2020 жылғы Австралия ашық чемпионатының жеңімпазы София Кенин (АҚШ) және 2017 жылғы Roland Garros чемпионы Елена Остапенкомен бір сеткада. Дияс биыл Париждегі жарыста топ жарса әлемдік рейтингте 103-орыннан 19-20 орынға бір-ақ секірмек.
Тағы бір қазақстандық Елена Рыбакина кеше франциялық Эльза Жакемоны жеңіп, екінші айналымға шыққан. Оның келесі қарсыласы — әлемдік реитингте 82 сатыда тұрған жапон қызы Нао Хибино.
Руслан Меделбектің фейсбук парақшасынан алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *