Сүйінші! Азияның 6 алтыны қазақ құрамасында!

          Моңғол астанасы Улан-Батор қаласында бокстан өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақ жастары құрлықта теңдессіз шығып, жалпы командалық есепте топ жарды.
1. Қазақ елі — 6-1-2 (9)
2. Өзбекстан — 3-3-2 (8)
3. Жапония — 1-0-2 (3)
Чемпионат барысында біздің жас таланттарымыздың төртеуі Өзбек өрендерін жеңіпті. Сонымен, чемпиондарымыздың тізімі:

Алтын:
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (49 келі),
Махмұд Сабырхан (52 келі),
Бейбарыс Жексен (56 келі),
Дархан Дүйсебай (64 келі),
Тоғамбай Сағындық (91 келі,
Аманат Сабырғали (+91 келі).
Күміс:
Азамат Бектас (75 келі).
Қола:
Марғұлан Айдарұлы (69 келі),
Ерасыл Жақпеков (81 келі).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *