Салават Юлаевтан да ұтылдық

     Астаналықтар Уфалық командамен арада өткен соңғы 4 кездесуден бір ұпай да ала алған жоқ. Кеше ғана Елордада өткен матч та қонақтардың пайдасына шешілді. Алғашқы кезең тең аяқталғанымен Салават Юлаев жігіттері Хартикайнен мен Коледов екінші кезеңде қос шайба соғып, командаларын алға шығарды.

     Барыс ойыншылары қанша тырысқанымен есеп айырмасын қысқарта да алған жоқ. Ал, ойынның соңғы бөлігінде беларус бапкері Скабелканың қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастырғаны нәтиже берген жоқ. Есесіне қонақтар сапынан Сергеев белсеніп, бос тұрған қақпаға ойындағы үшінші шайбаны соғып, ойынның нүктесін қойды. Салават Юлаев Астанадан тағы да жеңіспен қайтты. 

     Бұл матчта жерлестеріміздің сапынан жарақатына байланысты  қорғаушы Джесси Блэкер, Брэндон Боченский, Мэтт Фрэттин және Андре Петтерсон сынды жігіттердің айдынға шықпағанын атап өтуіміз керек.

    Астаналықтардың келесі ойыны 23 қараша күні түзде Йокерит ХК мен өтеді. Финндік команда 27 ойыннан кейін 41 ұпай еншілеп, Батыс конференциясында 3 сатыда келеді. Ал, Барыс 28 ойыннан кейін 40 ұпаймен Шығыс конференциясында 5 сатыда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *