Сарыарқа жеңіске жетті

      Жоғарғы хоккей лигасында бақ сынап жатқан Қарағандылық «Сарыарқа» ХК кезекті кездесуін өз алаңында қытайлық «Ценг Тоу» ХК мен өткізді.

Алғашқы кезеңде айдын иелері сапынан Желнеровский мен Никулин қос шайба соғып жергілікті жанкүйерлерді бір желпінтіп тастады. Бірақ, екінші кезең басталысымен алға лап қойған қонақтар Лукин мен Ушеновтың соққан шайбаларының арқасында есепті теңестіріп кетті. Алма кезек шабуылмен өрбіп жатқан ойынның екінші кезеңі бел ортасынан ауған тұста Сарыарқалықтардың сапынан Железнов белсеніп,  есепті 3-2 ге жеткізді.

Өкінішке орай 3-кезең басталысымен қытайлық ұжым сапынан Лукин екінші шайбасын соғып, ойынның негізгі уақыты 3-3 есебімен аяқталды.

Берілген қосымша уақытта есеп ашылмаған соң қарсыластар буллит сериясына жүгінді. Хоккей лотереясында жерлестеріміздің асығы алшысынан түсіп, кездесуді өз пайдаларына шеше білді. Есеп 4-3.

Қарағандылық Сарыарқа ЖХЛ-дағы келесі кездесуін де қытайлық КРС-Оэрджи клубына қарсы 21 қараша күні Арқа төрінде өткізеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *