Шотландияға жол бердік

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2020 турниріне іріктеу ойындарын аяқтады.

         Соңғы турдың ойынын сырт алаңда Шотландия құрамасына қарсы өткізген  Михаил Билек шәкірттері жанкүйерлерін қуанта алмады. Алаңда допты бақылау, қақпаға тура соққы бағыттау көрсеткіштері бойынша да алаң иелері алда болды. Тіптен, біздің қақпашы ептілік танытпағанда қақпамыздан 6 доп алып шығуымыз да ықтимал еді.

Ойында бірден шабуылға көшкен шотландтықтар бар мәселені алғашқы таймда ақ шешіп тастауға тырысты. Бірақ, ұрымтал тұста Алексей Щеткиннен пас алған Бахтияр Зайнутдинов Қазақстан құрамасын алға шығарды. Бірінші тайм ел құрамасының пайдасына шешілді.

Ал, екінші таймда енді қимылдамаса бәрі кеш болатынын ұққан алаң иелері сапынан 25 жастағы Джон Макгин  небәрі 48 минутта есепті теңестіріп, артынша (64 минутта) «Хартс» шабуылшысы Стивен Нейсмит алаң иелерін алға шығарды. Қазақстан бапкері Исламханды Фединге, Персухты Қуатқа, Щеткинді Айымбетовке алмастырғанымен еш нәтиже болмады. 

Кездесудің негізгі уақыты 2:1 есебімен аяқталып, төреші қосқан минуттың алғашқысында Джон Макгин кездесудегі екінші голын соғып, ойынның нүктесін қойды.

Осылайша ұлттық құрамамыз бұл іріктеу циклінде 10 ойыннан 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде  5 орынға ие болды. Алдымызда додаға жолдама алған Бельгия мен Ресей, жолдамасыз қалған Шотландия мен Кипр, артымызда Сан-Марино.

Іріктеу турниріндегі соңғы ойындарын өткізген өзге де құрамалардың нәтижесі төменде:

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *