Соңғы минуттар синдромы

          Қазақстандық «Аят» футзал клубы Хорватиялық «Ново-Врием» клубымен өткен шешуі ойында қолдарында тұрған жеңістен ойынның соңғы үш минутында айырылып қалды.

Ойын барысында «Аят» 2:1 есебімен алда келе жатқан. Матч аяқталуға небәрі 2 минуттан астам уақыт қалған сәтте жерлестеріміз жеңісті қолдан шығарып алды. Рудныйлық команданың сапынан Константин Агапов екінші минутта есеп ашса, қарсыластар сапынан белсенген Мусинов 17 минутта есепті теңестіріп кетті. Ал, 31 минутта аяттық Метеус Преа жерлестерімізді алға шығарған болатын. Бірақ, ойынның 36 және 39 минуттарында Фидершак пен Паулинью соққан қос гол Отандастарымыздың Түмендегі барлық матчта жеңіліске ұшырауына алып келді. Қазақстандық клуб осыған дейін «Спортингтен» (2-5), «Түменнен» (0-3) есебімен ұтылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *