Түркия тең түсіп, Украина озды!

Аладоп әлеміндегі айтулы оқиғалардың бірі Еуро 2020 доп додасына іріктеу ойындары. Кездесулер жайлы бұған дейін де жазғанбыз. Өткен матчтар жайлы бірер сөз..

Франция құрамасы өз алаңында түрік аяқдопшыларын қабылдап, тең түсті 

Кездесу алаң иелерінің айқын басымдығымен өтсе де матчтағы нәтиже 1:1. Үш жолақты елдің командасы қонақтар қақпасына тура 9 соққы бағыттаса, оның тек біреуі ғана голға айналды. Ол допты матчтың 76 — минутында Челси сапында тер тқгетін Оливье Жиру соқты. Ал, Анадолыдан келген қонақтар араға 5,6 минут салып Зеки Челикті алмастырған Каан Айханның көмегімен есепті теңестіріп кетті. Осы есеп кездесу аяқталғанша өзгерген жоқ. Өз алаңында әлемінің үздік ұжымдарының бірі Францияны жеңіп (2:0), қонақта тең (1:1)  тарқасқан түріктердің бәсі түгел, топтағы жағдайы жақсы. 8 ойыннан кейін Француздармен бірге 19 ұпайдан жинап, H тобында көш бастап тұр.

Украина озды

В тобында өткен кездесуде Андрей Шевченкодан тәлім алатын Украина құрамасы әйгілі Португалияны сүріндірді. Дегенмен, бұл матчта қонақтардың барыншы қарсылық көрсетіп, алаң иелерінің қақпасына тура соққыны да көбірек бағыттағанын (4-10) айта кету керек. Бірақ, ойын алаң иелері құрған тактика бойынша өрбіді. Кездесу басталған бетте ақ алға лап қойған алаң қожайындары небәрі 6 минутта гол соғып кетті. Қорғаушы Сергей Кривцов берген пасты кәдеге жаратқан Роман Яремчук есеп ашса, тағы бір қорғаушы Виталий Миколенко берген пасты нәтижеге ұластырған Украина құрамасы серкелерінің бірі Андрей Ярмоленко есепті 2 — 0 ге жеткізді. Алғашқы тайм осылай аяқталды.

Қонақтар қанша тырысқанымен алаң иелерінің қорғанысын бұзып өте алмады. Бірақ, осындай сәттердің бірі 72 минутта орын алып, украин ойыншысы Тарас Степаненко айып алаңында допты қолымен қаққандай болды. Матч төрешісі Энтони Тэйлор ойланбастан 11 метрлікті нұсқады. Нүктеге келген Криштиану Роналду мүлт кетпей, есепті қысқартты. Одан кейін де Роналду, Перейро бастаған Пиренеий түбегінің серкелері қауіпті сәттерді көбірек тудырғанымен, кездесу нәтижесі 2:1 есебінен өзгерген жоқ. В тобында 7 ойыннан кейін еш жеңіліс көрмей 19 ұпай жинаған көк-сарылар Еуро 2020 додасының финалдық кезеңіне 1 — орынмен жолдама алып қойды.

Түнде өткен өзге де кездесулердің нәтижесі төменде:

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *