Таңғажайып алаңдар

Жаһанды дүрліктірген пандемияның кесірінен тоқтап қалған футбол ойындары өз жалғасын таппақ. Атап айтсақ алдымен неміс бундеслигасы, артынша жапон, кәріс лигалары, кейінірек Еуропаның өзге де белді чемпионаттары жасыл алаңдарды қызыққа бөлемек.

Ендеше адамзат футболының ошағына айналған жер дүниедегі ерекшелігімен көз тартатын  «ғажайып ареналар» жайлы біле отырайық.

1.  «1 мамыр стадионы» — КХДР-да орналасқан.  1989 жылдың 1 мамыры күні ашылған.  Әлемдегі ең ірі стадиондардың бірі. Сыйымдылығы 150 000 адам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  «Соккер Сити» стадионы — ОАР-да орналасқан. 2010 жылы Әлем чемпионатының ойындары өткен. 1989 жылы ашылған стадион 2009 жылы қайта жөндеуден өткен. Қазіргі уақытта 94 736 көрерменді сыйғыза алады.

3.  «Тікбұрышты стадион» стадионы — Австралияның Мельбурн қаласында орналасқан. 2010 жылдың 7 мамыры күні ашылған. Футбол және регби ойындарын қабылдайтын стадионның сыйымдылығы 30 000 адам.

4.  «Ұлттық стадион» — Пекинде орналасқан Қытай елінің мақтаныштарының бірі. 2008 жылы 28 маусымда ашылған арена Олимпияда ойындары кезінде көп қолданылған.

5.  «Камп Ноу» — Испанияда орналасқан. Әйгілі Барселона футбол клубының басты алаңы. 1957 жылдың 24 қыркүйегінде ашылған. Сыйымдылығы 99 354 адам.

материалдың жалғасы бар…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *