Талғат Байсуфинов: «Ойыншыларды тексеріп алдық..»

ТАЛҒАТ БАЙСУФИНОВ: «БҰЛ ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ БОЛҒАНДЫҚТАН, ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАМДАҒЫ ОЙЫНШЫЛАРДЫ ТЕКСЕРІП АЛУҒА ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК БОЛДЫ»

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Солтүстік Македонияға қарсы өткен матчтан (0:4) кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер қойған сауалдарға жауап берді:

– Бүгінгі өткен жолдастық кездесуде көптеген ойыншылар өздерін көрсетуге мүмкіндік алды. Бұдан кейін де осындай жолдастық матчтарда жаңа футболшылар бақтарын сынап көреді деп ойлаймын. Бұл біз үшін өте жақсы ойын және үлкен тәжірибе болды. Ал Солтүстік Македония құрамасы өте керемет ойын өрнегін көрсетті, оларды жеңісімен құттықтаймын.

Әрине, нәтиже біздің көңілімізден шықпады. Келесі матчтарда бұдан да жақсы ойнаймыз деп үміттенемін. Бұл жолдастық кездесу болғандықтан, қосалқы құрамдағы ойыншыларды тексеріп алуға жақсы мүмкіндік болды.

Алаңның ортасында көптеген қателіктер болды. Алдағы уақытта осы қателіктерді түзеу үшін жұмыс істейтін боламыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *