Теннистегі теріс нәтиже. Кукушкин — Маннарино 0:6!

Үлкен теннистен АТР санатына жататын Кремль Кубогі жарысының басталғаны кеше ғана еді. Жарыс жолына ел атынан шыққан Михаил Кукушкин алғашқы кездесуінде ресейлік Евгений Донскойды 2:0 (6:4, 6:3) есебімен жарыстан шығарғанымен, келесі ойында өзі шығып қалды.

Әлемдік рейтингте 44 сатыда тұрған 31 жастағы француз теннисшісі Адриан Маннариномен жолы түйіскен қазақстандық теннисші алғашқы сетте айтарлықтай қарсылық көрсетіп, тай-брейкке дейін иық тіресе ойнады.  Бірақ, сәттілік қарсыласында болып 6:7 есебімен алғашқы сетте ұтылып қалды. Екінші сетте есепті теңестіреді-ау деп күткенімізден түк шықпады. Ойсырай ұтылды. Екінші сеттің есебі 2:6. Ойын нәтижесі 0:2.

Осыған дейін қос теннисші 5 рет кездессе, бұл кездесулердің барлығы француз ракеткасының пайдасына шешіліп отырған. Кезекті жеңісіне қол жеткізген Маннарино жарысты жалғастырады. Ал, Кукушкинге қалған таңдау тағы бір қазақстандық Александр Бубликпен бірге жұптық сында барын салу,  болмаса елге қайту..

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *