USA Open 2019! Жеңімпаздар белгілі

         Үлкен теннистен әйгілі 4 доданың бірі АҚШ-тың ашық чемпионаты екенін осы спорттың жанкүйерлері жақсы біледі. Айтулы доданың биылғы кезеңі де өз мәресіне жетті. Ерлер арасында әйгілі испандық теннис шебері Рафаэль Надаль топ жарса, бұрымдылардың арасында небары 19 жастағы канадалық теннисші қыз Бьянка Андрееску үздік шықты.

September 8, 2019 — Rafael Nadal in action against Daniil Medvedev in the men’s singles final at the 2019 US Open. (Photo by Garrett Ellwood/USTA)

Рафаель Надаль әуелі 1/64 финалда австралиялық Джон Миллманды (3:0), 1/32 финалда тағы бір австралиялық Танаси Коккинакисті (бас тартты), 1/16 финалда кәріс Хен Чонды (3:0), 1/8 финалда хорватиялық Марин Чиличті (3:1), ширек финалда аргентиналық Диего Шварцманды (3:0), жартылай финалда италиялық Маттео Береттиниді (3:0) есебімен жарыстан шығарса, ақтық кезеңде ресей үкілеп қосқан теннисші Даниил Медведевтен айласын асырды. Есеп 3:2. Бұл ойынның шектен тыс тартысқа толы болғанын ерекше айтуға болады.

Ал, қыздар арасында топ жарған Бьянка Андрееску  болса 1/64 финалда америкалық Кати Волынецті (2:0), 1/32 финалда бельгиялық Киристен Флипкенсті (2:0), 1/16 финалда даниялық қыз Каролина Возняцкиді (2:0), 1/8 финалда тағы бір америкалық Тейлор Таунцендті (2:1), ширек финалда бельгиялық Элизе Мертенсті (2:1),   жартылай финалда швейцариялық Белинда Бенчичті (2:0) есебімен жеңіп финалға шыққан болатын. Соңғы ойыны даңқты америкалық теннис шебері, 37 жастағы Серена Уильямспен өтті.  Аталмыш чемпионаттың 5 дүркін жеңімпазымен кездескен канадалық жас өрен өз білгенінен жаңылмай 2:0 есебімен жеңіске жетті.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *