Жәнібек Әлімханұлы өз атағын қорғап қалды

Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген күрзі жұдырықты жігіттеріміздің бірі Жәнібек Әлімханұлы өзінің кезекті жекпе-жегін Калифорнияда өткізіп, жеңіс тойын тойлады.

Канадалық боксшы Альберт Онолуносемен (24-2-1, 8 КО) жұдырықтасқан «Qazaq Style» сауатты қорғана отырып, ауыр соққыларын дөп жұмсай білді. Нәтижесінде кезекті шабуылдарының бірінде қазақ былғары қолғабының күшіне шыдамай кездесудің 6-шы раундында экс-африкалық боксшы нокаутқа түсті.

Осылайша, жерлесіміз 8 кездесуін де жеңіспен аяқтай отырып, өзіндегі WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін екінші мәрте қорғап қалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *