Жәнібек жекпе-жекке дайын!

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) орта салмақтағы WBO чемпионы американдық Деметриус Андрадқа қарсы рингке шығуға дайын екендігін мәлімдеді (28-0, 17 КО).
Бұл туралы боксшы өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасына: «Менің салмағымның чемпионымен шықпайынша, белбеуін алмайынша қоймаймыз. Құдай қаласа оны жеңетініме күмән болмасын. Өте оңай жеңеміз. Сенімдімін. Менің жанкүйерлерім де сенеді. Бізге жәй ғана жекпе-жек ұйымдастырылса болды. QAZAQ STYLE-дың әлемде өз орны бар» — деп жазба қалдырды.
Естеріңізге сала кетсек қазақстандық боксшы WBO реитингінде алтыншы, ал американдық боксшы көш бастап тұр.