Жайна Шекербекова — әлем чемпионатының күміс жүлдегері

      Бокстан Үндістан астанасы Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Жайна Шекербекова командамызға екінші жүлдені алып келді.

Жерлесіміз ақтық сынға дейін алқынбай жетіп, тек финалда ұтылды.  51 кг салмақта сынға түскен Отандасымыз өз кездесулерін өте жоғарғы деңгейде өткізді.  Индира Ганди атындағы спорт кешенінде өткен финалдық бәсекеде  Солтүстік Корея елінің өкілі Пан Шол Майдан  ғана ұтылған қазақ қызы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Естеріңізде болса 2016 жылы Астанада өткен әлемдік біріншілікте Жайна Шекербекова қола жүлдеге қол жеткізген еді. Рио-2016 олимпиядасының қатысушысы өз көрсеткішін тағы бір сатыға жаңарта түсті. Келесі меже Токио-2020.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *