Жапондардан үйренсек етті..

         Қырғызстан мен Жапония құрамаларының футбол матчынан кейін жанкүйерлер Бішкектің орталық стадионы мен ескі алаңын тазалап шықты» — деп хабарлады қырғыз астанасындағы «Тазалық» муниципалдық кәсіпорнының баспасөз хатшысы Жібек Қаракеева.

Маманның айтуынша қос құрама командалардың ойыны басталмай тұрып матч алдында Мэрия Долон Омурзақов атындағы стадионның айналасында 15 қоқыс контейнерін және фанаттардың ұйымдастыруымен ескі алаңда 20 қоқыс контейнерін орнатты. Ал, матч аяқталған соң ойынға келген жанкүйерлер жаппай тазалық шарасын ұйымдастырып, стадионда қалған қоқысты тиісті жерге жинаған. Соның арқасында тазалық қызметкерлеріне айтарлықтай көмек көрсеткен.

Айта кетсек, ойын алдында жапон құрамасының жігіттері жаттығудан соң  аяқ киімдерін шешіп, «ең бастысы тазалық» ұранымен базаға жалаң аяқ кіріп жатқан фотосуреттер тараған болатын. Мұндайда «Болмасаң да ұқсап бақ!» деген көршілерімізден өнеге алсақ екен..

Матч қонақтардың пайдасына 0:2 есебімен аяқталған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *